Ссылки доступа

Өзбекстан прокуратурасы: Өзге елдің қарулы күштеріне кіргендер 10 жылға сотталады


21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған соң Өзбекстанның Бас прокуратурасы шетел армиясына қабылданған ел азаматтары 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылатынын ескертті.

Бас прокуратура мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 154-бабы бірінші тармағында әскери қимылдарға қатыстыру үшін армияға тартылғандарға бес жылдан он жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 154−1-бабында өзге елдің әскери немесе басқа да сол секілді органдарына, полициясына, қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданған, әскери қызметке алынған Өзбекстан азаматтарына 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе үш жылға дейін тәртіп жұмысына тартылады, ал әскери қызметке жалданғандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Сол себепті шетелдегі азаматтарымызды өзге елдің қарулы күштері құрамына кірмеуге, әскери қимылдарға қатыспауға шақырамыз, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапершілік қарастырылғанын ескертеміз", - деп жазылған Бас прокуратура мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG