Ссылки доступа

Баткен облысында көшірілген 80 мың адам үйіне қайтып жатыр 


Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс кезінде Баткен облысында көшірілген 80 мың 809 адам үйіне оралып жатыр. Бұл жөнінде Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.  

Осының алдында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Баткен және Лейлек ауданы тұрғындарына үйіне қайта беруге шақырған.

Екі елдің арнайы қызметі басшыларының кездесуінен кейін, қақтығысқа себепші болды деген шекарадағы сегіз өткізу бекеті жабылатын болды.

14-17 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында қан төгілген оқиғаны Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі "Тәжікстанның алдын ала жоспарлаған қарулы агрессиясы" деп атаған. Тәжікстан да Қырғызстанға осындай айып тағып жатыр.

Шекарадағы қарулы қақтығыста Қырғызстан 62 азаматын жоғалтты, олардың қырқы әскери қызметкер. Жарақат алғандардың ресми саны 200-ге жақындады. Шекарадағы қырғыз ауылдарынан қауіпсіз аймаққа көшірілгендер 140 мыңнан асты.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі шекарада 41 азаматы қайтыс болғанын мәлімдеді. Алайда Озоди радиосы бұлақтарына сүйеніп, қаза тапқан 74 адамның тізімін жариялады.

XS
SM
MD
LG