Ссылки доступа

Өзбекстан премьер-министрі жұмыс бабымен Қырғызстанға келді


Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Әріпов 26 қыркүйекте жұмыс бабымен Қырғызстанға келді.

Қырғыз үкіметінің хабарлауынша, лауазымы жоғары қонақты Қырғызстан үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров "Манас" халықаралық әуежайында күтіп алды.

Сапар барысында Өзбекстан премьер-министрі екі ел үкіметтері делегацияларының қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау жөніндегі бірлескен отырысына қатысады.

Бұған қоса, Абдулла Әріпов Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездеседі.

XS
SM
MD
LG