Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасы: жаңа келісім жобасын әзірлеу бойынша келісімге келді 


Қырғызстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша үкіметтік делегациялардың бірлескен хаттамасына 26 қыркүйекте қол қойылды. 

Бұл хаттама шекараның бірқатар жер телімдері жөнінде келісім жобасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Құжатқа қырғыз тараптан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев және Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов қол қойған.

Арипов жұмыс сапарымен Бішкекке келген. Оны қырғыз президенті Садыр Жапаров қабылдаған.

Өзбек премьер-министрі биыл сәуір айында Ошқа барып, Қырғызстан мен Өзбекстанның шекаралас аймақ басшыларының жиналысына қатысқан. Онда тауар алмасу көлемін 2 млрд долларға жеткізу жөнінде келісімге келген.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекара қашықтығы - 1378 шақырым. 2017 жылғы келісім негізінде шекара сызығының 1170 шақырымы (85%), одан кейін 13% ресми бекітілгені 2021 жылдың ақпан айында ресми айтылды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 2021 жылдың наурыз айындағы Ташкентке алғашқы сапары кезінде 22 құжатқа қол қойылған. Сол кезде екі елдің президенті шекара мәселесін үш айда шешеміз деген.

XS
SM
MD
LG