Ссылки доступа

ҰҚМ: Шетелдік террористік топтың лидерлері тәліптермен құпия кездесу өткізді 


Тәліптер 
Тәліптер 

Ауғанстанның Ұлттық қарсылық майданы (ҰҚМ) өзінің дереккөзіне сілтеме жасап, шетелдік террористік топтың 16 лидері Кабулда "Талибан" қозғалысының ресми өкілдерімен құпия кездесу өткізгенін мәлімдеді.

Сосын тәліптермен бірге Ауғанстанның Бағлан, Құндыз және Бадахшан деген елді-мекендеріне барған. Тәліп үкіметі әзірге бұл ақпаратқа қатысты жауап бермеді.

"Шығыс Түркістан ислам қозғалысының лидері Қажы Форган, "Жамағат Ансоруллах" (Тәжікстан) тобының лилері Мавлави Иброхим, Өзбекстан ислам қозғалысының лидері Шайх Закир және "Әл-Қайда" террористік ұйымының өкілі Абдулхак Уйгури 20 тамызда Кабулға барған. Олар үш күн бойы Қожа Афзалдың үйінде қонақта болған", - делінген ҰҚМ таратқан мәліметте.

Дереккөз мәліметінше, шетелдік террористік топтың лидерлері тәліптердің ІІМ басшысы Сироджиддин Хакканимен кездескен. Олар алты айдың ішінде Орталық Азия елдеріне шетелдегі содырларының 50 процентін жіберу жөнінде келісімге келген.

Сонымен бірге Хаккани тобының лидерлері Мавлави Иброхимға "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен байланысып, Ауғанстанның солтүстігінде іс-қимылын белсендетіп, Орталық Азия елдеріне шабуыл жасауға дайындалу жөнінде тапсырма берген.

Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясында Орталық Азия елдеріне Ауғанстан тараптан қауіп-қатер барын мәлімдеген.

Алайда Озоди радиосына сұқбат берген "Талибан" қозғалысының ресми өкілі Забихулла Моджахид ауған жерін көрші елдерге шабуыл жасауға пайдалануға жол берілмейтінін айтқан.

АҚШ президенті Джо Байден тамыз айының басында "Әл-Қайда" террористік ұйымының лидері Айман әл -Завахиридің Кабулда өлтірілгенін жеткізген. Ол отбасымен Ауғанстанда тұрып келген екен.

"Талибан" қозғалысы Айман әл -Завахириді Кабулда жасырып келгенін білген әлем қауымдастығы Ауғанстан тағы да террористік ұйымдардың орталығы болады ма деп қауіптенген.

XS
SM
MD
LG