Ссылки доступа

Медиа қауымдастық өкілдері қырғыз журналисі Болот Темировтің өміріне алаңдайды 


Медиа қауымдастық өкілдері қырғызстандық зерттеуші журналист Болот Темиров елден шығарылатын болса, әскери мобилизация жүріп жатқан Ресейде оның өміріне қауіп төнуі мүмкін деп мәлімдеді. 

“Медиа полиси институты” ұйымы бастаған медиа өкілдерінің ашық мәлімдемесі 26 қыркүйекте жарияланды.

“Қырғызстан Конституциясының 56-бабында адамды жасаған қылмысы үшін ғана жауапқа тартса болады. Ал Болот Темиров және оның жақтаушылары 22 қыркүйекте сот отырысында айыптардың бәрін теріске шығарып, қылмыстық істің материалдары дәлелденбегінін білдірді", - деген үндеуде.

Теміровті және оның әріптесі Болат Назаровты милиция биыл 23 қаңтарда ұстап, шетелге шықпау жөніндегі қолхатпен босатқан.

Ұсталардан бір күн бұрын олар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев және оның отбасының жемқорлық мәліметтері жөніндегі зерттеу материалын жариялаған.

Ертесіне оларды есірткі қолданды деген күдікпен ұстаған.

22 қыркүйекте сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Темировті елден шығару жөнінде мәселе көтерген.

Келесі сот отырысы 28 қыркүйекте өтеді.

XS
SM
MD
LG