Ссылки доступа

Тәжікстанда экспорттау бойынша жоғары лауазымды шенеунік ұсталды 


Шавкат Бобозода 
Шавкат Бобозода 

Душанбеде Тәжікстан үкіметі жанындағы экспорттау жөніндегі агенттік төрағасы Шавкат Бобозода ұсталған. Озоди радиосы дереккөзінің хабарлауынша, ол ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. 

Алайда, бұл жөнінде әзірге ресми мәлімет жоқ. Дереккөз мәліметінше, ол екі апта бұрын ұсталған.

"Шавкат Бобозода шетелдік компанияның арызы бойынша ұсталды. Ол бұл компаниядан 300 мың доллар көлемінде пара алған", - деп хабарлайды дереккөз.

Азаттықтың тәжік қызметіне (Озоди) белгілі болғандай, Шавкат Бобозода қазір Тәжікстан ІІМ-нің тергеу абақтысында жатыр.

60 жастағы Шавкат Бобозода 2019 жылдан бері экспорттау жөніндегі агенттік төрағасы қызметінде. Оның алдында өндіріс және жаңа технологиялар министрі қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG