Ссылки доступа

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Ресейден келгендердің еңбек мәселесі туралы" сөзін түсіндірді


Kazakhstan - government house, prime minister house, building, prime minister residence, prime minister office, government office

Әлихан Смайыловтың кеше, 26 қыркүйекте "Қазақстанға келген Ресей азаматтарына көмек көрсету, оларды уақтылы тіркеу және Еуразия экономика одағының заңнамасына сай еңбек мәселесін шешуді реттеу керек" деген сөзі әлеуметтік желіде түрлі реакция тудырған.

Желі қолданушылар арасында "Ресейден келгендерді жұмысқа орналастыруды көздейтін Әлихан Смайылов отставкаға кету" керек деген де пікір айтылған.

- Үкімет отырысы басталардан бұрын айта кеткім келіп отыр, кеше кеңесте қарастырылған миграция мәселесі қоғамда түсініспеушілік туғызды. Осыған байланысты атап айтайын: шетел азаматтарына қызмет заң шеңберінде көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттемелерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін әрқашан есте ұстаймыз,- деді Әлихан Смайылов.

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы жағдайға байланысты ішінара мобилизациялау туралы жарлығынан кейін Ресейдің әскерге жарамды азаматтары жаппай шетелге кете бастаған. Ресейдің мыңдаған азаматы Қазақстанға да келген. Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарында оларға түнейтін орын ұйымдастырылып, ас-су берілген. Ресейден келгендердің күрт көбеюіне байланысты қоғамда алаң пайда болған еді.

XS
SM
MD
LG