Ссылки доступа

Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты өтеді


Өзбекстан астанасында 6-13 қазан аралығында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында әлем чемпионатына қатысу үшін 86 елден 570 атлет тіркелгені жазылған.

Жарыс жеті түрлі салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Бұған қоса, чемпионаттың соңғы күні аралас командалық жарыс ұйымдастырылады.

Әлем чемпиондары 26 мың еуро алса, екінші орынға 15 мың еуро, үшінші орынға 8 мың еуро төленеді. Аралас командалық жарыс жеңімпазы 90 мың еуро сыйақы алады.

Дзюдо күресінен алғашқы әлем чемпионаты 1956 жылы Жапонияда ұйымдастырылды. Сол кезде жарысқа 21 елден 31 атлет қатысты.

XS
SM
MD
LG