Ссылки доступа

Өзбекстанда шенеунік этикасын бұзған бес аудан басшысы қызметтен алынды


27 қыркүйекте Өзбекстандағы Әндіжан облысының Асақын, Әндіжан және Пахтаабад аудандарының, Ферғана облысы Ферғана ауданының, Самарқанд облысының Нұрабад ауданының басшылары президент жарлығымен қызметтен алынды.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асақын ауданының әкімі Мансұрбек Әлиханов пен Ферғана ауданының басшысы Шухратжон Мүмінов жер қатынастарын реттейтін заң ережелерін сақтамағаны, басқа да заңдарды бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды.

Пахтаабад ауданының әкімі Элёрбек Османов пен Нұрабад ауданының басшысы Шерәли Йулдашев этика ережелерін сақтамағаны үшін, ал Әндіжан ауданының басшысы Абдужаббор Эгамбердиев азаматтарды құрметтемегені, мемлекеттік қызметкер этикасын бұзғаны үшін қызметтен алынды.

2021 жылғы желтоқсанда әлеуметтік желілерде Асақын ауданын басқаратын Мансұрбек Әлихановтың азаматтармен дөрекі сөйлескені туралы видео тарады. Сол үшін әкімнің баспасөз хатшысы жұмыстан шығарылған.

Әндіжан ауданының басшысы Абдужаббор Эгамбердиев 2022 жылғы тамызда қабылдауына келген адамдармен қоршаудың арғы жағында тұрып сөйлескен.

XS
SM
MD
LG