Ссылки доступа

Тәжікстанның ресми делегациясы ЕҚЫҰ-ның Варшавадағы отырысына келмеді


Мухиддин Кабири выступает на заседании ОБСЕ в Варшаве. 27 сентября 2022 года
Мухиддин Кабири выступает на заседании ОБСЕ в Варшаве. 27 сентября 2022 года

Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының әлемдегі адам құқығының жағдайын бағалауға арналған жыл сайынғы конференциясы басталды.

ЕҚЫҰ өкілдері биылғы жиынға Тәжікстанның ресми делегациясы келмегенін растды. Душанбе бұның себебін түсіндірген жоқ.

Бұған дейінгі жылдары Тәжікстан билігі конференцияға түрлі саяси топтар мен ұйымдардың өкілдері шақырылғанына наразы болған. ЕҚЫҰ болса адам құқығындағы жағдайды бағалау үшін оппозиялық топтардың жиынға қатысуы керек деп есептейді. 2018 жылға дейін тәжік билігі мен оппозициясының өкілдері Варшавадағы конференцияда ғана пікір таластыруға мүмкіндік алған.

Польша астанасындағы басқосуда демократия мен сөз еркіндігінің жағдайы, азаптауға қарсы күрес, адам құқықтарына қатысты басқа да мәселелер талқыланады. Варшавада Ресейдің Украинадағы әділетсіз соғысы мен оның салдары да сөз болады.

Еуропадағы тәжік оппозициясының төрт тобын біріктіретін Ұлттық альянс жетекшісі Мұхиддин Кабири конференцияның 27 қыркүйектегі отырысында "памирліктерді жаппай қыру", тұтқындау, жүздеген белсенді мен журналистердің қашуға мәжбүр болуы, ондаған журналист пен блогердің жалған айыптармен қамалуы туралы айтып, бұны "Тәжікстан азаматтық қоғамының қасіреті" деп сипаттады.

Ресей, Беларусь және Тәжікстан үкіметтері "азаматтық қоғамды жойды", бірақ халықаралық қауымдастық олармен "диалог орнатуға, әріптестікке" көп уақыт бөледі, деп мәлімдеді Кабири. Саясаткердің пікірінше, халықаралық қауымдастықтың бұл елдерге қатынасы өзгеруі тиіс.

Тәжікстандағы жағдай 29-30 қыркүйек аралығында және 5 қазанда өтетін төрт кездесуде талқыланады. Атап айтқанда, 29 қыркүйекте Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы күрделі жағдай сөз болады.

XS
SM
MD
LG