"РИА Новости" агенттігінің Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин видеоконференция форматында постсоветтік елдердің арнайы қызмет басшыларымен сөйлескісі келеді. Песковтың айтуынша, Путиннің ТМД елдері арнайы қызметтерінің өкілдерімен жұмаға белгіленген кездесуі өтпейтін болды.
Бұның алдында Ресейдегі ақпарат құралдары бұл кездесу 30 қыркүйекте Мәскеуде өтетінін, оған Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары қатысатынын, ал Путин сол күні олармен сөйлесетінін жазған.