Ссылки доступа

Өзбекстанда Сұрхандария облысы әкіміне айыппұл салынды 


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысының әкімі Тура Боболовқа сөгіс жариялап, айыппұл салды. Бұл жөнінде өзбек президентінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Онда айыппұл әкімнің ісі мемлекет саясатына және оның реформаларына сәйкес келмегені, әкімдер үшін жүктелген талаптардың ақтарылмағаны және адамдарды балағаттағаны үшін салынғаны айтылаған.

Тамыз айының соңында әлеуметтік желілерде Тура Боболов Ангор ауданы прокуроры Сирожиддин Рамазоновты балағаттағаны жазылған аудио тарады. Кейін бұл аудионы облыс әкімдігі "әкім амалсыз солай сөйледі, себебі жиналыс атмосферасы солай болды" деп түсініктеме берген.

Қыркүйек айының басында президент облыс мектептерінде құрылыс, жөндеу жұмыстары дер кезінде бітпегені үшін әкімді қызметінен алатынын ескерткен. Оның Ангор ауданы прокурорымен аудио жазбасын еске салып, Шавкат Мирзияев: "Егер шаршасаң, сені де қызметтен аламын" деген.

Кейін Тура Боболов Кызырык ауданы әкімімен өктем сөйлесіп жатқан аудиосы тарады. Кейін әкімдік "бұл кезде де ахуал стрессті жағдайда болды" деп түсіндірген.

XS
SM
MD
LG