Ссылки доступа

Бішкек соты зерттеуші журналист Болот Темировті ақтады 


28 қыркүйекте Бішкектің Свердлов аудандық сотының судьясы Акылбек Адимов Темировке есірткі бойынша тағылған айып негізсіз екенін айтып, оны ақтады. Алған төлқұжаты мен шекарадан өткені де заңды екенін білдіріп, бұл бойынша да ақтау шешімі шықты. 

Сотта ақталған журналист Болот Темиров үкім әділетті болғанын айтып, бұл үшін қоғамдық бақылау басты рөл атқарғанын жеткізді.

22 қыркүйекте мемлекеттік айыптаушы Темировті бес жылға жалпы тәртіптегі колонияға қамауды сұраған. Прокурор Мээрим Алиева Темировті елден шығаруды көтерген.

Теміровті және ақын Болат Назаровты милиция биыл 23 қаңтарда ұстап, шетелге шықпау жөніндегі қолхатпен босатқан.

Ұсталардан бір күн бұрын олар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев және оның отбасының жемқорлық мәліметтері жөніндегі зерттеу материалын жариялаған.

Ертесіне оларды есірткі қолданды деген күдікпен ұстаған.

XS
SM
MD
LG