Ссылки доступа

Тәжікстан: Прокурор журналист Абдулла Гурбатиді 8 жылға соттауды сұрады  


29 қыркүйекте қамаудағы тәжік журналисі Абдулла Гурбатидің ісі бойынша сот отырысы жалғасып, оған адвокаты мен бір куәгердің қатысуына ғана рұқсат берілген. 

Жабық өткен отырыстан шыққан судья да, адвокат та журналистерге ақпарат беруден бас тартты.

Озоди радиосы дереккөзіне сүйеніп, отырыста YouTube каналында жарияланған жарнама ролигі мен журналистің Египетте тұратын тәжік кәсіпкерінен алған ақша туралы сөз болғанын хабарлады.

Азаттықтың Тәжік қызметі - Озоди радиосының мәліметінше, 29 қыркүйектегі сот отырысында бір кәсіпкерден ақша алғаны туралы мәселе талқыланған. "Элнор" компаниясын жарнамалау туралы әңгіме болған. Билік нұсқасына қарағанда, компания басшысы Идибек Латипов Тәжікстан Ұлттық банкінің "қара тізімі" мен "терроризмді жақтауы мүмкін тұлғалар" тізімінде бар. 29 шілдеде Идибек Латипов Озоди радиосына 2007 жылдан бері Египетте тұратынын айтып, билік айыптарын жоққа шығарды.

"Абдулла Гурбати сотта "Элнор" басшысы Идибек Латыпов есімі тыйым салынған тұлғалар тізімінде екенін білмегенін айтты", - дейді Озоди дереккөзі.

Абдулла Гурбатидің ісі бойынша алғашқы сот отырысы 21 қыркүйекте өтті. Душанбе қаласы Шахмансұр ауданы ішкі істер басқармасының үш қызметкері журналист Гурбатиге қарсы куәлік етті. Полиция қызметкерлері 15 маусымда полиция бөлімінде Гурбати оларға шабуылдап, балағаттады деген. Алайда Гурбати куәгерлер сөзін негізсіз деп атаған.

Абдулла Гурбати биыл 15 маусымда ұсталды. Оған "билік өкілін балағаттады", "билік өкіліне күш көрсетті", "тыйым салынған ұйым қызметіне қатысты" деген айыптар тағылған. Дереккөз мәліметінше, тергеу кезінде Абдулла Гурбати айыптаулардың бәрін жоққа шығарған. на допросах отверг все обвинения.

Журналистер құқықтарын қорғаушы ұйымдар Абдулла Гурбати мен тағы алты тәжік журналист негізсіз ұсталғанын айтып, оларды тез арада босатуын талап етті. Билік бұл үндеулерге жауап қатқан жоқ.

XS
SM
MD
LG