Ссылки доступа

Қырғызстанда шекарашылардың айлығы екі есеге көбейеді 


Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров 1 қазаннан бастап шекарада істейтін әскерилердің айлығы екі есеге көбейетінін мәлімдеді. 

Ол Лейлек ауданы Кулунду ауыл аймағына қарасты Мақсат ауылында болды. Жапаровпен кездескен жергілікті тұрғындар шекарашылардың айлығын көбейтуді сұрады.

"16 мың сом айлық алып жатқандар енді 38 мың сом алады. Лейлек пен Баткенге екі коэффициент қосылады, сонда олар 76 мың сом алады", - дейді Жапаров.

Ақылбек Жапаров 29 қыркүйекте Лейлек ауданына барды. Ол қарулы қақтығыста зардап шеккен аймақтармен танысты.

14-17 қыркүйек аралығында Қырғызстан мен Тәжікстан әскерлері арасында қарулы қақтығыс болды. Жанжал салдарынан Қырғызстанның 62 азаматы мерт болып, 200-ге жуық адам жараланды. Жүздеген үй мен әскери нысан қирады. Шекара бойындағы аудандардың 140 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. 18 қыркүйекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстанды қарулы агрессия жасады деп айыптады.

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі шекарадағы жанжалдан 41 адам қаза болғанын хабарлады. Озоди радиосының дереккөздері тәжік-қырғыз шекарасында мерт болған 74 тәжікстандықтың аты-жөнін жариялады. Тәжік жағында мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы мәліметті басқа да тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін болмай отыр.

XS
SM
MD
LG