Ссылки доступа

Қырғызстанның білім министрі екі тәулікке қамалды 


Қырғызстанның білім және ғылым министрі уақытша тергеу абақтысына 48 сағатқа қамалды. Бұл жөнінде елдің ІІМ хабарлады. 

Бейшеналиев шетелдік студенттерді еліндегі жоғары оқу орнына қабылдау үшін 110 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталған.

Әзірге Бейшеналиевтің өзі не адвокаты пікір білдірмеді.

Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Султанбаев бұл істің барысын тергеу шешетінін мәлімдеген.

41 жастағы Алмазбек Бейшеналиев биыл ақпан айында елдің білім және ғылым министрі боп екінші рет тағайындалған.

XS
SM
MD
LG