Ссылки доступа

Өзбекстан СІМ: Заң бұзбаған шетелдіктер мәжбүрлі түрде депортацияланбайды


30 қыркүйекте Өзбекстан сыртқы істер министрлігі мобилизациядан қашқан ресейліктер жөнінде мәлімдеме жариялады.

"Ресей Федерациясы азаматтарының Өзбекстан Республикасына келуі көбейген уақытта мына жайттан хабардар етеміз: олардың елімізде жүріп-тұруы жергілікті заңдармен, екіжақты және көптарапты актілермен реттеледі, олардың бірқатары азаматтарды экстрадициялау мәселесін қамтиды", - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Сыртқы істер министрлігі заң бұзбаған шетел азаматтары мәжбүрлі түрде депортацияланбайды деп хабарлады.

Алайда СІМ Украина аймақтарында өткен "референдум" туралы мәлімдеме жасады. Өзбек жағы қалыптасқан күрделі жағдайдың халықаралық құқық ережелеріне сай саяси-дипломатиялық жолмен реттелгенін қалайды.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин федерация аумағында ішінара мобилизация жариялаған соң мыңдаған ресейлік басқа елдерге, соның ішінде Өзбекстанға қашты.

Өзбекстан үкіметі Украинадағы соғысқа қатысты бейтарап ұстанымды қалайды.

XS
SM
MD
LG