Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев бүгін Венгрияға барады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 3−4 қазан аралығында ресми сапармен Венгрияда болады. Ол венгр президенті Каталин Новак пен премьер-министр Виктор Орбанмен кездесіп, бірнеше құжатқа қол қояды.

Өзбекстан басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр наурызда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Ташкентке келген уақытта Шавкат Мирзияевті еліне шақырған.

Венгриядағы кездесулерде сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, қаржы және мәдени-гуманитарлық салаларды дамыту мәселелері талқыланады.

Халықаралық және аймақ саясаты, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы әріптестік мәселелері де сөз болады.

Келіссөздер қорытындысында екіжақты бірнеше құжат қабылданады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Өзбекстан президенті Будапештте жергілікті компаниялар мен банктердің жетекшілерімен де жүздеседі.

XS
SM
MD
LG