Ссылки доступа

"Аманат" кәсіподақтар достастығы Мейрам Қажыкенді президенттікке кандидатқа үміткер етіп ұсынды


Халықаралық "Астана" ғылыми кешеніне қарасты экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Кажыкен "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы атынан президентікке кандидатқа үміткер ретінде ұсынылған. Бұл жөнінде ҚазТАГ хабарлады.

Бұл хабарға қарағанда, Мейрам Қажыкенді ұсыну жөнінде кәсіподақтар достастығының атқарушы комитеті мен орталық комитетінің бірлескен отырысында шешім қабылданған.

Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Қажыкен туралы әзірге хабарлаған жоқ.

Мейрам Қажыкен халықаралық "Астана" ғылыми кешеніне қарасты экономикалық зерттеулер институтын басқарады. Ол тіркелмеген Yntymaq партиясы бастамашыл тобының жетекшісі ретінде көрсетілген.

Мейрам Кажыкен қыркүйектің соңында "Власть" басылымына берген сұқбатында "кандидат ретінде ұсынса қатысуға дайынмын, ұсынбаса өкпе жоқ" деген.

Мейрам Қажыкеннің сұқбатына қарағанда, кандидат ретінде тіркелсе, сайлауда "жеңетінін және кешенді саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар бастайтынын" айтқан.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған. Өткен аптада сайлау 20 қарашаға белгіленген.

Әзірге президент сайлауына кандидат ретінде тіркелгісі келетін екі үміткер бар. 30 қыркүйекте билікшіл "Ауыл" партиясы Жигули Дайрабаевты ұсынған. 1 қазанда "оппозициялық" ЖСДП осы партияның Астанадағы бөлімшесігің басшысы Нұрлан Әуесбаевты ұсынған.

XS
SM
MD
LG