Осыған дейін әлеуметтік желілерде Сүлейменовтің бір әйелмен телефондағы әңгімесі жарияланған. Онда Сүлейменов "барлық өзбектердің, оның ішінде Аккурган ауданында тұратын аналарға" қаратып, балағат сөз айтқан.
Аудио интернетке жарияланғаннан кейін Аккурган ауданының ондаған тұрғыны аудандық милиция бөлімінің алдына барып, аналарды кемсіткен адамды жазалауды талап еткен.
Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, 30 жастағы Аббас Сүлейманов аудандық милиция бөлімінің профилактикалық істер бойынша инспектор қызметіне 2022 жылы жұмысқа алынып, көп өтпей қызмет кезіндегі теріс әрекеттері үшін қызметінен алынған.
Сүлейманов қамауға алынғаннан кейін оның және анасының өзбекстандықтардан кешірім сұраған видеосы жарияланды.