Ссылки доступа

Шыршықтағы химиялық зауытта жарылыс болып, екі адам зардап шекті (видео)


Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қазанда таңертең сағат 8:30-да Ташкент облысы Шыршық қаласындағы "Maxam Chirchiq" зауытының аммиак өндіретін цехында жарылыс болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік мәліметінше, жарылыстан және соның салдарынан тұтанған өрттен зауыттың екі қызметкері зардап шекті. Олар Шыршық қаласының ауруханасында емделіп жатыр.

Оқиға орнына қала басшысы Даврон Хидоятов, төтенше жағдайлар жөніндегі министр Абдулла Кулдашев, премьер-министрдің орынбасары, энергетика министрі Журабек Мирзамахмұдов барды. Олар жарылыс пен өрт салдарын анықтап жүр.

"Maxam Chirchiq" компаниясы- Өзбекстанда тыңайтқыш және басқа да химиялық өнімдер дайындайдын ірі зауыт.

XS
SM
MD
LG