Ссылки доступа

Түркіменстан Түркі елдері ұйымына мүше болады


Түркі елдері ұйымының 11 қарашада Самарқанда өтетін алғашқы саммитінде Түркіменстан ұйымның толыққанды мүшесі болып қабылданады. "Анадолу" агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Мавлуд Чавушоглу мәлімдеді.

Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі Түркі елдері ұйымының алғашқы саммиті 11 қарашада Самарқанд қаласында өтетінін растады. Алайда министрлік таратқан ақпаратта Түркіменстан туралы мәлімет айтылмаған.

Түркі елдері ұйымы 2009 жылғы қазанда Түркітілдес елдер әріптестігі кеңесі (Түркі кеңесі) болып құрылды. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кірді.

Өзбекстан 2018 жылы ұйымға кіргісі келетінін мәлімдеп, 2019 жылы Бакудегі саммитте ұйымға қабылданды. Венгрия мен Түркіменстан ұйымда бақылаушы мәртебесіне ие.

2021 жылғы 12 қарашада Стамбұлда өткен саммитте Түркі кеңесінің атауы Түркі елдері ұйымы болып өзгерді.

XS
SM
MD
LG