Ссылки доступа

Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған төртінші адам 8 жылға сотталды


Бішкек қаласы 1-май ауданының соты 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған тағы бір адамды 8 жылға соттады.

Бұған қоса, судья төрт сотталушыға да 100 мың сом (шамамен 1200 доллар) моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың әрқайсын тоғыз жылға бас бостандығын айыруды сұраған.

Осы істі қараған сот жабық өтті.

Тамыз айының аяғында сот милицияның 39 жастағы инспекторы Д.К. мен 34 жастағы милиционер А.Э.-ні 15 жылға, "Дордой" жұмысшысын 10 жылға соттаған. Сот оларды кәмелет жасқа толмаған қызды зорлады деп таныды.

Төрт адамның, соның ішінде милицияның екі қызметкерінің 13 жастағы қызды зорлау оқиғасы Қырғызстан қоғамының ашу-ызасын туғызды. Белсенділер наразылық акцияларын ұйымдастырып, ішкі істер министрінің қызметтен кетуін талап етті.

Ұлттық статистика жөніндегі комитет мәліметінше, 2021 жылы балаларға жәбір көрсетуге қатысты 3034 дерек тіркелсе, солардың 500-і бала зорлау қылмысы деп танылған.

XS
SM
MD
LG