Ссылки доступа

Талант Мамытов қырғыз парламентінің спикері қызметінен кетті (видео)


Талант Мамытов Жогорку Кенеш спикері қызметінен кетті. Бұл туралы ол парламенттің 5 қазанда өтекен жиынында мәлімдеді.

Мамытов қызметтен өзі кеткенін айтты. "Бұған жақында парламенттегі оқиға себеп. Біз өз еркімізбен Баткен облысына бардық. Мәселені депутаттардың кейбірі парламентте көтерді, мәлімет БАҚ-та жарияланды. Мен сол кезде арыз жазып, Баткенге кеткім келген, бірақ әріптестерімнің өтінішімен қызметімді вице-спикерге уақытша тастап кеттім. Енді бүгін шешім қабылдадым - спикер қызметінен өз еркіммен кетемін. Өз шешіміз, дұрыс түсініңіздер", - деді Талант Мамытов.

22 қыркүйекте Қырғызстан парламентінің депутаттары қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды жабық талқылап, жергілікті тұрғындармен кездесу үшін Баткен облысына бару туралы шешім қабылдаған. Бір аптадан соң, 28 қыркүйекте, "Бүтін Қырғызстан" фракциясының жетекшісі Адахан Мадумаров жабық жиналыста "ҰҚМК төрағасы екі жәшік қару алып келді" деп мәлімдеді. Тағы бір депутат Исхак Масалиевтің айтуынша, "депутаттар қағазға қол қойып, қару алған". Сол күндері әлеуметтік желілерде депутат Жүсіпбек Қорғонбай уулуның Жогорку Кенеш ғимаратында автомат ұстап жүрген суреті таралды. Кейін ол журналистерге оны "қару емес, муляж" деп түсіндірген.

Талант Мамытов - қырғыз парламенті Садыр Жапаровтың жақын саяси одақтастарының бірі. 2020 жылғы қазан оқиғасынан соң ол Жогорку Кенештің VI-шақырылымының спикері болып сайланды, ал 2021 жылғы 29 желтоқсанда парламенттің VII-шақырылымының алғашқы жиналысында спикер атанды.

XS
SM
MD
LG