Ссылки доступа

Ташкент "Халықаралық қаржы орталығына қауымдас" мәртебесіне ие болды


Ұлыбританиядағы "Z/Yen" халықаралық сараптама орталығы Ташкентті "Халықаралық қаржы ұйымының қауымдасы" ретінде "Халықаралық қаржы орталықтарының ғаламдық индексіне" қосты.

Агенттік мәліметінше, GFCI халықаралық қаржы орталықтарының қаржы нарығын, бизнес ортасын, адам капиталын, инфрақұрылымы мен елдің беделін бағалайды.

Қаржы-инвестиция қауымдастығының GFCI рейтингіне әлемнің 138 еліндегі 30 мың қаржыгер мен 5 мың халықаралық корпорация кіреді.

"Республика астанасының Индекске қосылуы халықаралық инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Өзбекстанды капитал құятын орын ретінде қабылдауына көмектеседі", — деп жазылған ресми мәлімдемеде.

XS
SM
MD
LG