Ссылки доступа

Тоқаев "қоғамдық-саяси күштер коалициясы" атынан сайлауға қатысатынын мәлімдеді


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Павлодар облысы, 5 қазан 2022 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Павлодар облысы, 5 қазан 2022 жыл.

5 қазанда Павлодар облысы жұртымен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев "белгілі бір ұйым" емес, "қоғамдық-саяси күштер коалициясы" атынан сайлауға қатысатынын мәлімдеді.

Ол "әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан үміткер болу туралы ұсыныстар" түсіп жатқанын алға тартып, бірақ нақты ұйымнан сайлауға түсуді жөн көрмейтінін жеткізді.

– Мен белгілі бір ұйымнан емес, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік негізін қалыптастыратын қоғамдық-саяси күштердің үлкен коалициясының атынан сайлауға қатысқаным дұрыс болады деп ойлаймын, - деді ол.

Ол сөз арасында "мемлекет басшысы ретінде президент сайлауының әділ әрі ашық өтетініне кепілдік береміз" деді.

Бұған дейін Qazaqstan Team қоғамдық жастар бірлестігі мен Қазақстанның азаматтық альянсы ұйымы Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы сайлауға үміткер ретінде ұсынатынын мәлімдеген. Тоқаевтың өзі сайлауға қатысатынын қыркүйектің басында сайлау өтетінін жариялаған кезде-ақ айтқан. Сарапшылар сайлау арқылы Тоқаев өз билігін нығайтқысы келеді деп санайды.

Биыл наурызда "Нұр Отан" партиясының атауы Amanat болып өзгерген. Сол съезде партия төрағасы болып сайланған президент кейін "мемлекет басшысы ешқандай партияға мүше болмауы тиіс" деп төрағалықтан кеткен.

XS
SM
MD
LG