Ссылки доступа

Тәжік журналисі Завкибек Саидаминидің ісі сотқа берілді 


Завкибек Саидамини
Завкибек Саидамини

Тәжікстанда журналист Завкибек Саидаминиге қарсы тергеу ісі аяқталып, сотқа жіберілген. 

Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады. Билік оны Тәжікстанда қызметіне тыйым салынған "Группа 24" тобымен қатысы бар деп айыптайды.

Журналистке қатысты сот отырысы қашан басталатыны белгісіз.

Завкибек Саидамини биыл шілде айында Душанбеде ұсталған.

38 жастағы Саидамини көп жылдар бойы Тәжікстанның мемлекеттік телеарнасында жұмыс істеген. Ол Қырғызстанмен шекарадағы даулы аймаққа барып, бірнеше рет репортаж дайындаған.

Ол 2020 жылы өткен парламент сайлауында өзінің кандидатурасын ұсынған. Завкибек Саидамини соңғы жылдары қайырымдылықпен айналысқан.

Бірер күн бұрын тәжік соты журналист Абдулло Гурбатиді билік өкіліне тіл тигізді деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG