Ссылки доступа

Өзбекстанда қайын атасы келінін қатыгездікпен өлтірген 


Өзбекстанның бас прокуратурасы Ферғана облысында 64 жастағы қайын атасы келінін қатыгездікпен өлтіргенін мәлімдеді. Жанжал кешкі асты дайындауға байланысты туындаған. 

Оқиға 1 қазанда "Хумдон" ауылында болған. Қайын атасы келініне кешкі асты дәмді етіп дайында деген. Бұл сөзге ашуланған келіні "қолынан келгенше кешті асты дайындайтынын, кешке бәрі осы аспен тамақтанатынын" айтып, есікті тарс жапқан. Қатты жабылған кезде, есіктің терезесі сынған.

Тергеу мәліметінше, бұл оқиға қайын атасының ашуын туғызған. Ол келінінің артынан барып, жұдырықпен ұрған. Келіні есінен танып қалғаннан кейін, қатыгездікпен өлтірген.

Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG