Ссылки доступа

Өзбекстанда жақында ғана Термез басшысы қызметінен алынған шенеунік ұсталды


Исроил Худайбердиев работал в должности хокима города Термеза с 2017 года.
Исроил Худайбердиев работал в должности хокима города Термеза с 2017 года.

Сұрқандария облысы Термез қаласының әкімі қызметінен 21 қыркүйекте түскен Исроил Худойбердиевті мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен ұстады.

Азаттықтың Өзбек қызметіне қала әкімдігіне қатысы бар бір дереккөздің хабарлауынша, бұрынғы әкім мен оның орынбасары Гайрат Эламановтың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз мәліметінше, қылмыстық істер Термез орталығындағы "Яшил дунё" азық-түлік базарының құрылысына байланысты ашылған. Бұл базар екі жыл бұрын жұмыс істей бастаған.

Айыптау қорытындысында 14 млрд 800 млн сум тұратын құрылыс нысанына бөлінген миллиардтаған сум заңсыз жаратылғаны айтылған, дейді дереккөз.

Худойбердиев қала басшысы қызметінен 21 қыркүйекте алынды. Термез қаласының әкімі қызметіне Уктам Тураев тағайындалды.

27 қыркүйекте Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Сардор Умурзақов бес ауданның – Әндіжан, Асақын, Пахтаабад, Ферғана және Нұрабад аудандарының әкімдері қызметтен алынғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG