Ссылки доступа

Өзбек-қазақ шекарасындағы өткізу бекеттерінің бірі уақытша жабылды


Өзбек-қазақ шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттерінің бірі уақытша жабылды, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс жөніндегі комитеті.

Мәліметке қарағанда, 6 қазанда сағат 09:00-ден 7 қазанда сағат 09:00-ге дейін "Қазығұрт" (Қазақстан) бақылау-өткізу пункті мен оған жапсарлас орналасқан "С. Нәжімов" (Өзбекстан) шекара бекеті азаматтар мен автокөліктер үшін жабық тұрады.

Шекара бекетін "Өзтрансгаз" акционерлік қоғамы екі мемлекеттердің пунктері арасында өтетін газ құбырын жөндеу жұмыстарына байланысты жапқан.

Қазақ-өзбек шекарасындағы басқа да бақылау-өткізу бекеттері әдеттегідей тәртіппен жұмыс істеп тұр.

XS
SM
MD
LG