Министрлік мәліметінше, 27 қырғыз азаматы Санкт-Петербургтегі "Лахта-Центр" кешенінде жұмыс істеуге келген. Қырғызстандықтарды Ресейдің "Прайдекс" компаниясы құрылысшы ретінде жалдаған. Жұмысшыларға жатақханада үш мезгіл тамақ берілген.
"Қазір бұл азаматтар Боткин атындағы жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасында жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайды қанағаттанарлық деп бағаланды",- деп хабарлады қырғыз сыртқы істер министрлігі.
Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, Ресейде Қырғызстанның бір миллионға жуық еңбек мигранты бар.