Ссылки доступа

Өзбек азаматтары зергерлік бұйымдарды заңсыз тасыды деген күдікпен Ош әуежайында ұсталды


Стамбұлдан Ош қаласына ұшқан екі өзбек азаматы бағалы бұйымдарды заңсыз өткізгісі келді деген күдікпен әуежайда ұсталды.

Қырғыз кеден қызметінің мәліметінше, олар қымбат заттарды аяқ киімдердің өкшесіне тыққан. Кеден қызметкерлері салмағы 2 кг 406 грамм, құны 7,7 миллион доллардың заттарын тәркіледі.

Өзбекстан азаматтары заңсыз жолмен 179 алтын алқа, 52 алтын білесіз өткізгісі келген. Қымбат бұйымдардың тиісті құжаттары болмаған.

Материалдар Ош прокуратурасына жолданды.

Ош әуежайында бұған дейін де зергерлік бұйымдарды заңсыз өткізбек болғандар ұсталған. Биыл наурызда Ош халықаралық әуежайында екі келі алтын бұйымды заңсыз өткізгісі келен өзбек азаматтары қолға түскен.

XS
SM
MD
LG