Ссылки доступа

Мирзияев: "Конституцияға өзгеріс енгізуге асығудың қажеті жоқ"


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 6 қазанда Сырдария ауданы Сайхунабад ауданында өткен жиында "Конституцияға өзгеріс енгізуге асығудың қажеті жоқ" екенін тағы да мәлімдеді.

"Қажет болса, адамдар Конституцияны өзінікі деп қабылдауы үшін біз тағы да халықпен ақылдасамыз. Себебі, олар өтсін-өтпесін, 150 мың ұсыныс жолдаған адамдарға жауап беру керек. Сонда ғана ададар олардың пікіріне құлақ асатынын түсінеді. Сол себепті асығудың қажеті жоқ", — деп мәлімдеді президент.

Мемлекет басшысы бұған дейін де Конституцияға өзгеріс енгізуге асықпау керектігін бірнеше мәрте қайталаған.

15 шілдеде парламент Конституция жобасын талқылау мерзімін 1 тамызға дейін созды. Одан кейін талқылау мерзімі тағы үш мәрте созылды.

Конституцияға өзгеріс енгізуді қарастыратын жоба 25 маусымда жарияланып, оны талқылауға он күн берілді. Алайда 1-2 шілдеде Нүкістегі оқиғадан соң парламент заң жобасын талқылау мерзімін тағы он күнге созды.

4 шілдеде парламенттің заң шығарушы палатасы Конституцияның жаңа нұсқасында Қарақалпақстан Республикасының егемендігі туралы бапты өзгеріссіз қалдыру жөнінде шешім қабылдады.

Президент Мирзияев Нүкіске сапары кезінде Конституцияда Қарақалпақстан мәртебесіне қатысты 70, 71, 72, 74, 75-баптар өзгермейтінін мәлімдеді.

Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі референдум өтетін күн әлі жарияланған жоқ. Осы референдумда қазіргі президенттің осы қызметтегі жылдары өшіріліп, жаңа президенттің қызмет атқару мерзімі 5 жылдан 7 жылға созылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG