Ссылки доступа

Тәжікстан тумалары Украинаға соғысқа аттанып жатыр (видео)


"Уповай на Господа, но будь шустрым": выходцев из Центральной Азии провожают на войну с Украиной
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:45 0:00

Соңғы кезде әлеуметтік желілерде Ресейде тұрып жатқан тәжікстандықтардың Украинаға соғысқа аттанып жатқан видеолары жарияланып жатыр. Онда әйелдер жылап тұр, ер адамдар бір-бірімен тәжік тілінде сөйлесіп жатыр. 

"Осторожно новости" Telegram каналының авторлары Орталық Азиядан шыққан 30-ға жуық ер адамның Украинаға соғысқа аттанып жатқан видеосын жариялады.

"Юсупова 999" тик-ток каналының авторы да бауырының әскерге кетіп бара жатқан видеосын жариялады.

"Бұл жағдай өз басыңа түспесе, түсінбейсің. Оларды қайда жібереді, әрі қарайғы тағдыры не болады, белгісіз. Ол 12 қыркүйекте Тәжікстанға қайтуы керек еді. Демек мұның бәрі алдын ала ұйымдастырылған", - деді ол.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин "ішінара" мобилизация жариялаған. Ресей ІІМ мәліметінше, соңғы бес жылда 200 мың тәжік азаматы орыс азаматтығын алған.

XS
SM
MD
LG