Ссылки доступа

Тәжікстан: Таулы Бадахшан оқиғасына қатысты 77 адам тиісті жазасын алды 


Хорог. 16 маусым, 2022
Хорог. 16 маусым, 2022

Тәжікстанның бас прокуратурасы Таулы Бадахшан автоном облысындағы мамыр оқиғасынан кейін 77 адам жазасын алды, тағы ондаған адамның ісі сотқа берілді деп мәлімдеді.  

Мамыр оқиғасынан кейін бұрынғы генерал Холбаш Холбашов пен бадахшандық блогерлер ұсталып, ұзақ жылға түрме жазасына кесілді.

Бас прокуратура 7 қазанда жариялаған ресми сайтында Таулы Бадахшандағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты 109 адамға іс қозғалғанын, 77 адамға түрме жазасы кесілгенін, 32 адамға қатысты іс сотта қаралып жатқанын мәлімдеген.

16 мамырда Хорогта және Таулы Бадахшанның Рушан ауданында жаппай наразылық болды. Ресми мәліметтер бойынша Хорог және Рушан қалаларында демонстранттар мен үкімет күштерінің қақтығыснан ондаған адам қаза тапқан және жараланған. Бір топ демонстрант қамалды.

Тәжік билігі наразылық акциясына қатысқандарды "қылмыстық топқа мүше болған" және "билікке қарулы қарсылық көрсеткен" деп айыпталды. Ал тұрғындар бірнеше айдан бері қысымға алынғандықтан, олар өз құқықтарын қорғау үшін көшеге шыққанын айтты.

XS
SM
MD
LG