Ссылки доступа

Еурокеңес басшысы Орталық Азия елдерін аралайды


Еуроодақ Кеңесінің президенті Шарль Мишель Орталық Азия елдерін аралайды. Өзбекстан мен Қазақстанға сапары туралы ол Twitter'де жазды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Шарль Мишель 26-27 қазан аралығында Астанада болып, Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне қатысады.

28 қазанда Еурокеңес басшысы Ташкентте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен келіссөз жүргізеді.

"Еуроодақ Орталық Азиямен байланысынын нығайтып, аймақтағы әріптестікті қолдауға дайын", – деп жазды ол.

Шавкат Мирзияев пен Шарль Мишель соңғы рет телефонмен 4 шілдеде сөйлесіп, Қарақалпақтағы қайғылы оқиғалы талқылаған.

XS
SM
MD
LG