Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметінің басшысы: Өзбекстанмен шекара жөніндегі келісім жабық қаралуы тиіс


Қырғызстан парламентінің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон жөніндегі комитеті 10 қазанда ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің Өзбекстанмен шекара жөніндегі келісім туралы мәліметін тыңдады.

Тәшиев депутаттарға бұл құжат мақұлдау емес, таныстыру үшін ұсынылатынын ескертті.

"Осында отырғандардың көбісінің құпия құжаттарға рұқсаты жоқ, сол себепті жиналысты түсіруге тыйым салынды. Мен не хаттамалар мен келісімдердің мазмұны, олардың Қырғызстанға тиімді ме, жоқ па екенін түсіндіремін. Бірақ ақпараттардың бәрі әзірге таралмауы тиіс. Екі елдің президенттері қол қойғаннан кейін ғана құжаттар туралы мағлұматтар жарияланады", - дейді Тәшиев.

Комитет жиналысын тікелей эфирде көрсету Тәшиев сөйлеп жатқан уақытта үзіліп кетті.

Бұның алдында журналистерді жиналыс өтетін залға ноутбуктармен, камерамен, диктафонмен кіруге тыйым салынғаны, тілшілер қағаз бен қалам ұстап ғана кіре алатыны хабарланған. ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиев жиналысқа техникамен кіруге болмайтынын ескерткен.

Депутаттардың бірқатары жиналысқа телефонмен кіруге рұқсат бермегеніне наразы болды.

Бұның алдында президент Садыр Жапаров "Кабар" телеарнасына "даулы жерлердің 99% Қырғызстан пайдасына шешілді" деп мәлімдеп, "Жогорку Кенеш комитетінде мәселені ашық қарау туралы тапсырма берген".

Қыркүйектің аяғында Қырғызстан мен Өзбекстанның қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкімет делегациясы хаттама қабылдағаны мәлім болды.

XS
SM
MD
LG