Прокуратура мәліметінше, 7 қазанда сағат 1:35 шамасында колонияның тәртіп бөліміндегі бөлмеде жазасын өтеуші М. О. өз киімінен арқан жасап, кереуеттің темір жақтауына асылып қалған.
М. О. 2018 жылғы шілдеде "қасақана кісі өлтірді" деген айыппен 15 жыл және бір айға сотталған. Бұған дейін де ол төрт мәрте сотталғаны мәлім.
Науаи облысының арнайы прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр. Сот-медицина сараптамасы тағайындалған.