Ссылки доступа

Тәжік прокуратурасы Қорасанда сарбаз өлімін зерттеп жатыр


Тохир Муминов

Тәжікстандағы Хатлон облысының прокуратурасы Қорасан ауданында сарбаз өлімін тексеріп жатыр. Марқұмның командирлері ол өз-өзіне қол жұмсады дейді.

Тохир Мүміновтің анасы бұған сенбейді, сол себепті прокуратураға арызданды. Ана баласының өліміне қатысы барлар жазаға тартылғанын қалайды.

Қорасан ауданы Галлаобод қышлағының тұрғыны Шодигүл Мүмінова 8 қазанда Озоди радиосына 22 жастағы баласыәскерде өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейтінін хабарлады.

Сарбазды жерлеуге қатысқан әскери бөлім офицерлері марқұмның анасы мен туыстарына қатардағы жауынгер "әскери тікұшақ ішінде белдігіне асылып қалды" деп айтқан.

"Осы оқиға болған күні кезекші қайда болды? Ол неге ештеңе білмейді? Ұлымды өлтіріп, содан кейін асып қойған шығар. Өйткені ұлым маған үнемі шағымданатын, "апа, мені мұнда үнемі кемсітеді, әбден шаршадым" деп айтатын", - дейді баласынан айрылған ана.

"Ол оқуға арналған ескі тікұшақ ішінде асылып қалды дейді. Бірақ тікұшақ салонының биіктігі адам бойымен бірдей, сол себепті ол жерде адам асылып қалмайды. Өзім барып, сарбаздарға осы сұрақты қойғанда, олар бір-біріне қарай бердім, ешкім жауап бере алмады", - дейді Тохирдің анасы.

Хатлон облысының әскери прокуратурасы Озоди радиосына Тохир Мүміновтің өлімін зерттеу басталғанын хабарлады. Әзірге бұдан басқа ресми мәлімет жоқ.

Марқұмның әкесі Ресейде еңбек миграциясында жүр, сол себепті баласын жерлеуге қатыса алмады.

Анасының айтуынша, ұлы 25 қыркүйекте қайтыс болған. Бұның алдында ғана ол үйге демалысқа келген. "22 қыркүйекте ол әскери бөлімге қайтты, ал 25 қыркүйекте сүйегін алып келді", - дейді ана.

XS
SM
MD
LG