Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасындағы ең даулы аймақ түпкілікті шешілді 


Қырғыз парламентінің халықаралық істер жөніндегі комитеті Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар учаскелерді делимитациялау жөніндегі заң жобасын қолдап дауыс берген. 

Бұл жөнінде комитет төрағасы Чингиз Айдарбеков хабарлады.

Заң жобасымен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы Камчыбек Ташиев таныстырған. Оның сөзінше, Кемпир-абад су қоймасының 19 мың гектар жері қырғыз тарапына, 4 мың 485 гектар жері өзбек тарапына өтеді. Ал су қойманы екі елдің бірлескен кәсіпорны басқарады.

Ташиевтің сөзінше, бұл келісімге сәйкес, қырғыз жері 15 мың 806 гектар жерге кеңейеді.

Заң жобасының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Кемпир-абад су қоймасы қырғыз-өзбек шекарасындағы ең даулы жер. Су қоймасы үшін екі елдің тұрғындары жиі дауласып қалады.

XS
SM
MD
LG