Ссылки доступа

Бас прокурордың бұрынғы көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова президенттікке кандидат ретінде ұсынылды


11 қазанда Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Салтанат Тұрсынбекова "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Астана қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Салтанат Тұрсынбекова отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелерімен айналысатын "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасының жетекшісі. Тұрсынбекованы ресми ақпарат құралдары құқық қорғаушы ретінде таныстырған.

Тұрсынбекова әр жылдары Жоғарғы сотта қызмет еткен, Қазақстан бас прокурорының аға көмекшісі, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі болған.

Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президентінің биылғы сайлауына кандидат болып отырған екінші әйел.

7 қазанда кәсіби әлеуметттік қызметкерлер ұлттық альянсы Қарақат Әбденді президенттіке кандидат етіп ұсынған. 48 жастағы Қарақат Әбден — экономист-маркетолог. Көп жыл мемлекеттік қызметте — мемлекеттік кіріс, қаржы министрліктері мен салық комитетінде жұмыс істеген. "Нұр Отан" (қазіргі "Аманат" партиясы) партиясының аппаратында қызмет еткен. Қазір Астана қалалық мәсихатының депутаты.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы бақылаушылардың "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі атынан кандидаттыққа түскен мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың құжаттарын алған.

Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған. Сайлау 20 қарашаға белгіленген. Тоқаев "Қазақстан президенті мұнан кейін 7 жылға тек бір мерзімге сайланатыны" туралы конституциялық өзгеріске қол қойған. Қазіргі президент сайлауына өз-өзін ұсынуға тыйым салынған. Кандитаттарды саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады.

​Бүгінге дейін Әлтаев пен Әбденнен өзге тағы да бірнеше кандидат белгілі:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев. Оны "Қазақстан халықтық партиясы",, "Аманат", "Ақ жол" партиялары мен "халықтық коалицияға біріккен" тағы да ондаған ұйым ұсынған.
  • 68 жастағы Жигули Дайрабаев — "Ауыл" партиясы ұсынған
  • 65 жастағы Нұрлан Әуесбаев — "ЖСДП" ұсынған,
  • 61 жастағы Мейрам Қажыкен, "Аманат" кәсіподақтар достастығы ұсынған.
XS
SM
MD
LG