Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев "Орталық Азия - Ресей" саммитіне қатысады


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 12-14 қазан күндері Қазақстанда болады. Бұл туралы өзбек президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Оның айтуынша, Шавкат Мирзияев Азиядаға өзара сенім шаралары және әріптестік жөніндегі кеңес жиынына, ТМД елдерінің басшылары кеңесінің кезекті басқосуына, "Орталық Азия - Ресей" саммитіне қатысады.

Сапар аясында Өзбекстан президенті Вьетнам вице-президенті Во Тхи Ан Суанмен, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен жеке-жеке кездеседі.

Бұған дейін хабарланғандай, 28 қазанда Ташкентке Еуроодақ кеңесінің төрағасы Шарль Мишель келіп, президент Шавкат Мирзияевпен келіссөз өткізеді.

Өзбекстанға келмес бұрын Шарль Мишель 26-27 қазан аралығында Қазақстан астанасында болып, Орталық Азия елдері басшыларының басқосуына қатысады.

26-27 қазанда Астанада өтетін Орталық Азия елдері басшыларының басқосуы туралы Қазақстан президентінің де, Өзбекстан президентінің де сайттары әзірге ресми түрде хабарламады.

XS
SM
MD
LG