Ссылки доступа

Биыл Ресейдің 200 мыңға жуық азаматы Қырғызстанға келді


2022 жылы Қырғызстанға Ресейдің 192 258 азаматы келді. Олардың 1631-і Қырғызстан азаматтығын алуға өтініш берді. Бұл туралы Цифрлы даму министрлігінің халықты тіркеу жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сардарбеков 11 қыркүйектегі баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, биыл Қырғызстанға келіп, азаматтық сұрағандар саны артқан.

"Қырғызстанға келген ресейліктер саны былтырғы көрсеткіштен 30% артық. Кейінгі тоғыз айда Ресейдің 385 азаматы Қырғызстан азаматтығын сұрады, 226 адам азаматтық алды. 1631 адам өтініш жасап, солардың 603-і Қырғызстан азаматтығын алды", - дейді Сардарбеков.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 23 қыркүйектегі жарлығымен 1790 адам (1433 ересек, 357 бала) қырғыз азаматтығын алды. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың дені тарихи отанына оралған этникалық қырғыз.

XS
SM
MD
LG