Ссылки доступа

Тәжік мамандары Оңтүстік Кореяға маусымдық жұмысқа кетті


Тәжікстан еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон министрлігінің хабарлауынша, 10 қазанда ауыл шаруашылығы саласының 22 маманы Сеулге (Оңстүстік Корея) маусымдық жұмысқа кетті.

Министрлік мәліметінше, "корей жұмыс берушілерінің сұрауы бойынша, 58 азамат Корея Республикасы визасын алды". "22 азамат 10 қазанда Оңтүстік Кореяға кетті, қалған 36 адам 16 қазанда жолға шығады", - деп хабарлады еңбек министрлігі.

Тәжікстан билігі Оңтүстік Корея және басқа да елдерді тәжік еңбек мигранттары жұмыс істеуі мүмкін бағыттарының бірі ретінде қарастырып отыр.

Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқан тәжік азаматтары мұнда айлық жоғары, еңбек жағдайы жақсы екенін айтты.

XS
SM
MD
LG