Ссылки доступа

Душанбеде Тәжікстан және Беларусь президенттері кездесті 


Душанбеде Тәжікстан мен Беларусь президенттері Эмомали Рахмон мен Александр Лукашенконың келіссөздері өтті. Беларусь басшысы ресми сапармен Тәжікстанға 11 қазанда барған. 

Ресми таратылған мәліметке сәйкес, Александр Лукашенко келіссөз кезінде Беларусь пен Тәжікстан үшінші елдің нарығына тауар тасымалдауды көбейте алады деген. Оның пікірінше, екі ел бірлесіп шығарған өнімдерін басқа нарыққа шығаруы тиіс.

"Көрші елдер, оның ішінде Ауғанстан біздің өнімдерімізге мұқтаж", - деген Беларусь президенті.

Кездесу барысында халықаралық және аймақтық мәселелер, оның ішінде Украинадағы соғыс жағдайы көтерілді ме, нақты айтылмайды.

Келіссөз қорытындысы бойынша, 10 жаңа құжатқа, оның ішінде 2022-2026 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастықты арттыратын "Жол картасына" қол қойылған.

Александр Лукашенконың сапары аясында Душанбеде беларусь тауарларының көрмесі өткен.

Беларусь пен Тәжікстан сөз бостандығы, демократия және адам құқықтары бойынша Батыс және халықаралық ұйымдардың сынына ұшырап келеді.

XS
SM
MD
LG