Ссылки доступа

Қырғызстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қайта сайланды


Қырғызстан Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 2023-2025 жылдарға арналған сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Кеңеске Азиядан алты ел: Қырғызстан, Ауғанстан, Бангладеш, Вьетнам, Мальдив аралдары және Оңтүстік Корея үміткер болды. Қырғызстанның Кеңеске кіруін БҰҰ-ға мүше 126 мемлекет қолдады.

Қырғызстанның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қайта сайлануы "әлемдік қауымдастықтың еліміздің адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктерін мойындағанын білдіреді" деп жазды СІМ.

Қырғызстан бұның алдында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне екі мәрте: 2009-2012 және 2016-2018 жылдары мүше болған.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес - Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің үкіметаралық органы. Оның құрамына 47 мемлекет кіреді. Кеңеске мүше елдер әлемдегі адам құқықтарын қорғауға жауапты болады.

Адам құқықтары жөніндегі кеңес отырыстары БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде өтеді.

XS
SM
MD
LG