Ссылки доступа

Кремль: Ердоған Путинмен Қазақстанда келіссөз жүргізеді


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен 13 қазанда Қазақстандағы саммит аясында кездеседі.

Келіссөздерде Ресейдің Украинадағы соғысы және ресей-түрік қарым-қатынасы талқыланады, деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

AFP мен dpa ақпарат агенттіктерінің сейсенбі күні түрік шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ердоған мен Путин Астанада 12 қазанда басталатын Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі отырысында кездеседі.

Бұның алдында Ердоған мен Путин қыркүйектің ортасында Өзбекстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кезінде жүздескен.

НАТО-ға мүше Түркия өзін Украина мен Ресей арасында арағайындық қызметін атқарушы ретінде ұсынып жүр. Анкара Мәскеуді сынады, бірақ Батыстың экономикалық, қаржы санкцияларына қосылмады.

XS
SM
MD
LG