Ссылки доступа

Астанада Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей президенттері кездеседі 


13 қазанда Астанада Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей президенттері Эмомали Рахмон, Садыр Жапаров және Владимир Путиннің үшжақты кездесуі өтеді.  

Онда қырғыз-тәжік шекарасындағы даулы мәселе талқыланбақ. Бұл жөнінде Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бұл кездесу Владимир Путиннің бастамасымен өткелі жатыр.

12-14 қазанда Астанада Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті, ТМД елдері мемлекет басшыларының кезекті бас қосуы және "Орталық Азия + Ресей" елдері мемлекет басшыларының саммиті өтеді.

Бұл қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан кейінгі Қырғызстан және Тәжікстан президенттерінің бірінші кездесуі болмақ.

XS
SM
MD
LG