Ссылки доступа

Азаттықтың Бішкектегі кеңсесі маңында митинг өтті


Азаттықтың Қырғызстан астанасындағы кеңсесі маңында митинг ұйымдастырылды. Наразылық акциясына қатысушылар басылымды жабуды талап етті.

Оларға ақпарат құралының шетелден қаржыландырылатыны ұнамайды.

Митингіге жиналғандар "Азаттық тоқта", "Азаттық жабылсын" және басқа да сөздер жазылған плакаттар ұстап тұрды. Наразылық акциясының модераторы Ілімбек Исрайылов журналистерге берген сұқбатында Қырғызстанда мемлекеттік БАҚ немесе kg доменін пайдаланатын басылымдар ғана жұмыс істеуі тиіс деп мәлімдеді.

Бұған қоса, наразылық акциясына қатысқандар Kloop, "Кактус Медиа" сынды басылымдарды жабуды, елде шетел агенті туралы заң қабылдауды талап етті.

Акция өткен жерде милиция қызметкерлері де жүрді.

Бұның алдында парламент депутаты Жанарбек Ақаев елдегі тәуелсіз БАҚ-ты қолдап, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерін журналистер мен блогерлердің жұмысына кедергі жасамауға шақырған. Бұған қоса, ол БАҚ-қа қарсы наразылық акцияларын қаржыландыруды доғаруды талап еткен.

XS
SM
MD
LG